04.12.2024, 18:00

Қазір бәрін әйелдер шешеді – Бағлан Әбдірайымов (ВИДЕО)

Фото: Pixabay

Өнер иесі отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңді сөз етті. 

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов отбасындағы әйелдің рөліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңді сөз етті. 

“Мынадай мәселе бар. Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі "Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық" деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты. Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана", – деді эстрада жұлдызы.