Алайда әнші ару өткен некесінде осы жағдайға қатысты қателік жібергенін жеткізді.
Отандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде өзіне сыни пікір жазған оқырманына жауап берді. Өнер иесі сәтсіз некесін еске алып, отбасылық өмірге қатысты алдағы жоспарын да айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында "өнерде жүрген арулар әйел бола алмайды" деген пікір қалдырған оқырманына шүйлікті. Өнер иесі оған бірден жауап беріп, азулы жазба қалдырды. Шоу-бизнес жұлдызы отбасылы болған кезде қандай әйел болғанын бүкіл Қазақстан көргенін еске салды.
Алайда әнші ару өткен некесінде осы жағдайға қатысты қателік жібергенін жеткізді. Енді ол болашақта жақсы әйел емес, сүйікті жар әрі аяулы ана болуды бірінші орынға қоймақ.
"Қандай әйел болғанымды бүкіл Қазақстан көрген болар. Бірақ келесі мақсатым әйел емес, сүйікті жар, аяулы ана әрі табысты келіншек болу", - деді Балжан Бидаш.