"Кейде мектепте, кейде үйірмеге барған кезде қыздардың киімдері былғанған болса, мазақтамайсың, күлмейсің", - дедім.
Әлеуметтік желі жұлдызына айналған танымал коуч Роза Әшірбаева жыныстық тәрбиеге қатысты ойын ашық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Жалпы, екі ұлыммен де ашық сөйлесеміз. Бірақ кіші ұлым менен етеккір туралы сұрады. Оған менің бастан-аяқ түсіндіргенім – жыныстық тәрбиеге қосқан үлесім деп ойлаймын. Мен оған ұрсып тастаған жоқпын. Шай ішіп отырғанда ұлым келіп, сұрағын бетіме тіке қойды. "Мама, етеккір деген не?" деп сұрады. Ондай сұрақтың қоятынын білдім. Бірақ дәл осындай ерте болады деп ойлаған жоқпын. Ұлым ол кезде 12 жаста болатын. "О, қызық сұрақ екен. Планшетіңді әкел, мен саған түсіндіремін” дедім. Видео арқылы анықтап, бәрін көрсеттім. "YouTube-та арнайы видеолар бар. Ол жерде циклдің қалай өтетіні көрсетілген. Бәрін анимациялық түрде көрсетіп, қан осыдан шығады дедім. Кейде мектепте, кейде үйірмеге барған кезде қыздардың киімдері былғанған болса, мазақтамайсың, күлмейсің. Тек көмектесесің. Дәретханаға алып барасың, түсіндіресің. Егер мазақтайтын болсаң, жазаңды беремін" дедім. Ұлым түсінгендей болды”, – деді Роза Әшірбаева «Мамский әңгіме» подкасына берген сұхбатында.