$ 516.93  542.52  4.98

«Немереден тәтті бала жоқ екен»: Роза Рымбаева бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті (ВИДЕО)

Немереме де жақсы тәрбие, махаббат бергім келеді. 

Фото: https://www.instagram.com/rozarymbaeva/
Фото: https://www.instagram.com/rozarymbaeva/

ҚР халық әртісі Роза Рымбаева немересіне жақсы әже болу үшін қолынан келгенін жасап жүргенін журналист Ләйлә Сұлтанқызына айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Адам немерелі болғанда мейірімің екі есе көп болады екен. Одан кейін өзінің балаларың өсіп кеткеннен кейін кішкентай нәрестені сағынасың. Бұл деген екі есе жауапкершілік. Немереме де жақсы тәрбие, махаббат бергім келеді. Әже болғаннан кейін еркелеткім келеді. Сондай ерекше қасиет пайда болады екен. Бұрын құрдастарыма "Неге кешке дейін немерелеріңді айта бересіңдер. Сенің емес, балаңның баласы ғой" деуші едім. Сол кезде олар "Рымбаева басыңа келгенде түсінесің" деп жауап беретін. Тура сол басыма келді. Немереден тәтті бала жоқ екен", – деді өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары