$ 520.27  537.65  5.24

Роза Рымбаева секілді немеремді құшақтап отырғым келеді – Мақпал Жүнісова

Тыңдармандарым менің жанымды жақсы түсінеді, жаман жерімді байқамайды.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова немере бағып, ақ жаулықты әже атанғысы келеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші Дина Төлепбергенге сұхбат беру барысында айтты.

«Қанша мықты әйелмін десең де, нәзік екеніңді кейін сезесің. Бәріне шыдау мүмкін емес. Біз де адамбыз ғой. Кейін бәрі жақсы болар. Ақиқат ашылып, соған куә болып, немеремді құшақтап отыруды елестетемін, армандаймын. Жалпы менің өмірім осы өнерім ғой. Мен тек сахнада бақытты адаммын. Үйге келген соң барлық адам секілді жылайтын, ойланатын, күлетін кезім болады. Бірақ шынайы халықтың махаббаты мені осы күнге дейін алып келе жатыр. Тыңдармандарым менің жанымды жақсы түсінеді, жаман жерімді байқамайды.

Мерей – 22 жаста. «Жақсы жігіт болса, кете бер» деп айтамын. Ағылшын тілінің маманы. Қазір бір компанияда қазақшадан ағылшыншаға аударады. Былтыр балаларға сабақ беріп, 500 мың теңге айлық алыпты. Өзі тіл саласына қызығады. Жұмыс істей берсең, кете бересің. Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді. Роза Рымбаеваға қызығамын. Сол сияқты немере бағып, өмірімді өзгерткім келеді», – деді ҚР Халық әртісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары