$ 514.93  536.04  5.18

«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)

"Өте сұлусыз, не кисеңіз де жараса кетеді".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әнші Мәдина Сәдуақасова желіде ерекше жаңа жылдық образын көрсетіп, көпшілікті тәнті етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәдина Сәдуақасова ел алдына ерекше образымен шығып, тағы көпшіліктің көзайымына айналды.

Әнші желіге жариялаған видеосында мұз түстес көйлек киіп алғанын көруге болады. Әнші бұл образды жаңа жылдық түсірілім үшін арнайы тіктірткен.

"Снежная королева"-ның қазақшасын өзіңіз қойып алыңыздаршы. Мұз ханшайымы, Қар ханшайымы, Ақшақар. Жаңа жылда мені осындай образда көресіздер. Бұл көйлекті бір түнде тігіп берді", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары Сәдуақасованың образына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

"Нағыз ақшақар", "Өте сұлусыз, не кисеңіз де жараса кетеді", "Мұз ханшайымы екенсіз", "Қандай ерекше образ", "Мадина әркез ерекше ғой. Ешкімнен қайталамайды. Әр образын өзі таңдап жасатады", "Мұз ханшайымы болып қалыпсыз" деп желі қолданушылары жаза жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары