Жарнама бағасы жағдайға қарай өсе береді.
Қазақстандық блогер Аружан Абилова 7 жасынан бастап табыс табатынын айтып, оның еңбекқорлығы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогердің айтуынша топтып атауы да өзінің атына құралған екен.
“7 жасымнан тойға шығамын. Ансамбльді менің атыма құраған. Негізі менің әпкем биші болған. Анам түрлі кәсіппен айналысып көрген. Мамаға келіп “ансамбль ашып көрсеңіз” деп айтқан ғой. Ол ансамбльдің ерекшелігі мен болатынмын да. Үлкен қыздармен бірге мен шығатынмын. Үлкен қыздар билеп болған соң, мама 1 би подарок деп айтатын, ол мен билеп шығатынмын. Сол үшін бастапқыда анам 100 теңге беретін”, - дейді Аружан Абилова.
Кішкентай кезінен бастап өнерлі, еңбекқор болған арудың алғашқы табысы 100 теңгеден басталса, қазіргі әлеуметтік желінің арқасында табатын табысы миллиондарды құрайды.
“Қиындығына қарай 1 блог сториз жарнама 1 миллион теңге. Тауға барып түсір деген секілді болса әртүрлі баға, қосыла береді”, - деп айтқан блогер.