Заң мен сот шешсін.
Танымал әнші Балжан Бидаш кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың жағдайына алаңдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі өте ауыр жағдайда қалған отбасына көңіл айтты.
“Шерзаттың отбасындағы жағдай ешкімнің басына түсірмесін. Бәрін көріп, сезіп отырмыз. Біздің қолдан келер шара жоқ. Заң мен сот шешсін. Шерзаттың ағасына көңіл айтып, әкесіне сабыр тілейміз. Бұл түсінген адамға өте ауыр жағдай. Өмір өтеді, тіршілік жалғасады. Аман болайық! Тыныштық болсын”, – деп жазды әнші.