Әншінің бұл әзіл-қалжыңы мен шынайы пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан өзінің үйінде қаржы мәселесін кім басқаратынын айтып, жанкүйерлерін қызықтырған сұраққа жауап берді. Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Негізі сіздерге сол қызық? Маған мысалы біреудің үйінде ақшаны, бақшаны кім ұстайтыны мүлдем қызық емес екен. Ондай нәрсеге неге энергия құртасыздар? Қызық болса айта кетейін. Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм. Бірақ мен ақша сұрамайтындай картамды толтырып қояды", - деп жауап берді Ерке.
Әншінің бұл әзіл-қалжыңы мен шынайы пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көптеген жанкүйерлер Еркенің өмірлік ұстанымына қолдау білдіріп, оны мақтау сөздермен қуантты.