14.12.2024, 06:30

«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: YouTube

Продюсер Баян Алагөзова қазақстандық дәрігерлердің қатесінен дұрыс ем қабылдамағанын айтты.

Продюсер Баян Алагөзова Қазақстанда қате диагнозбен емделгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі тіпті қыста неліктен жылы жаққа қоныс аударатынын жасырмады. 

“25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жатамын. Бұл сұмдық емес пе?! Отандық дәрігерлер созылмалы бронхит деген диагноз қойған. 25 жылдан бері күресіп келемін. Ал пневмония болып аурғаннан кейін екі жыл денсаулығым қалыпқа келмеді. Сондықтан қыс келгенде қатты қорқамын. Еуропалық дәрігерлердің нәтижесі мені таңғалдырды. Олар менің диагнозым “созылмалы бронхит емес” деді. Ал мен жыл бойы сол диагнозға тағайындалған дәрілермен емделдім. Менің диагнозым – аллергия екен. Маған салқын ауа жақпайды. Сол үшін мен қыста жылы жақтарға кетемін. Шетелдік дәрігерлер де мұхит пен теңізі бар елдерге баруға кеңес берді”, – деді Баян Мақсатқызы.