$ 522.49  547.88  5.06

«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды

Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін.

Фото: instagram.com/syrym__isabaev
Фото: instagram.com/syrym__isabaev

Әнші Сырым Исабаев өнердегі Қайрат Нұртаспен жанжалдасып қалғаны туралы сыбысқа нүкте қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сахнадан көптен бері көрінбей кеткен әнші Қайрат екеуіне қатысты әңгіменің бәрі жалған екенін айтты.

«Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. «Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты» деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Біздің дуэтімізге менің әкем демеуші, Қайраттың анасы продюсерлік етті. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат. Қайратпен жұмыс істеу өте жеңіл болды», - деді әнші «1001 түн» бағдарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 13
Күлкілі 5
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары