Ештеңе мәңгілік емес.
Сахнаға қайта оралған әнші Сырым Исабаев 10 жыл бойы немен айналысқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, ештеңе мәңгілік емес.
«2014 жылы соңғы рет концерт беріп, сахнамен қош айтыстым. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Сол салаға бет бұрғым келді. 2005 жылы өнерге араласа бастадым. Қайрат Нұртаспен дуэт жаздық. «Алыш қашу операциясы» деген кино түсірдім. Халық жылы қарсы алды. Бір кезде дипломым бойынша жұмыс істеп көргім келді. Есеп-қисапты білетін болғасын кәсіп бастауды жөн көрдім. Бүгінде екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру сауықтыру кешінін аштым. Олар күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Ештеңе мәңгілік емес. Өнерден де кететін кез болады. Сол кезде бала-шағамды кім асырайды?! Олар Шымкентте тұрады. Мен Алматы мен екі ортада жүремін. Сондықтан кәсіп бастадым. Берекелі болып жатыр», – деді Сырым «1001 түн» бағдарламасында.