16.12.2024, 06:30

«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)

Фото: : Instagram/kair_n

«Қайрат қана өзге ұлт өкілдерін шақырып, қазақша ән айтқызады».

Хитмен әнші Қайрат Нұртас ресейлік әріптесі Нюшамен бірге қайта сахнаға шығып, «Алматының түндері-ай» әнін қайта шырқады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Нұртас Нюшамен өнер көрсеткен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Әлгі видеода Нюша екеуі сахнада ел арасында хит болған «Алматының түндері-ай» әнін шырқап тұрғаны анық түсірілген.

 Еске салсақ, Қайрат пен Нюша бұл әнді осыдан 8 жыл бұрын бірге орындаған. Қос әнші бірнеше жылдан кейін сахнаға бірге қайта шығып, тыңдармандарының қошеметіне бөленді.

«Екеуінің бірге ән айтканы сондай жарасымды», «Ең сәтті шыққан дуэт деп ойлаймын», «Біздің жігіт сасқалақтап қалды ғой», «Қайрош, жарайсың. Осы әнді Нюшамен айтқан сондай жарасады», «Қайрат қана өзге ұлт өкілдерін шақырып, қазақша ән айтқызады» деп жаза жөнелді видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары.