Отандық киножұлдыз елімізде тұрмыс құрмаған қыздарға қысымның көп екенін журналист Дина Төлепбергенге айтып берді.
Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандық киножұлдыз елімізде тұрмыс құрмаған қыздарға қысымның көп екенін журналист Дина Төлепбергенге айтып берді.
“Шыны керек Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мен шетелде көп болдым. Олардан қашан тұрмыс құратынын сұрасаң, 35 жасқа қарай ойланатындарын айтады. Мүлдем асығыстық жоқ. Олар алдымен жұмыс істеп, ақша тауып, бір кәсіп ашып барып бір-ақ ойланады екен. Ал біздің елімізде "ештеңені ойлама, күйеуге шығып ал, туып ал" деп асықтырып жатады. Мен оны кім үшін жасау керекпіз деп ойланып қаламын. Ол баланы асырау керек. Оны сүймейтін адаммен бірге өсіресің бе? Онда өзің бақытсыз боласың. Маған көп ой келеді. Күйеуге шықпаған қыздар құдды қоғамның мүгедектері секілді. Олай болмайды. Бұл сөздер қыздың жанына батады. Қазақстанда бір жерге шықсаң да, қысым сезіледі", – деді актриса.
Сонымен қатар өзі тұрмыс құрып жатса, мәһрге не сұрайтынын да айтты.
“Оның алдындағы сұхбаттарда айтып жүрмін. 2 мың дана кітап сұраймын. Оны бір уақытта беру міндетті емес. Күйеуім екеуміз жылдар бойы жинасақ екен. Балаларымызға мұра болып қалатындай отбасылық кітап қорын жасағым келеді. Кейін балаларымыз “Атамыз бен әжемізден қалған” деп айтып жүрсе деген ниетім бар”, – деді киножұлдыз.