От болып, шоқ болып тұрған қазағымның Мадоннасы.
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа фотосессиясын жариялап, елді тағы да өзіне қаратты. Қалың көпшілік өнер иесіне тәнті болып, оған ыстық ықыласын білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мадина Сәдуақасова тағы бір ерекше образда фотосессия жасап, оны бірден Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Суреттерде әншінің классикалық стильде киініп алғанын көруге болады. Өнер иесі аталмыш кадрлардың астына "Сабыр түбі сары алтын" деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары ерекше образдағы шоу-бизнес жұлдызына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген. Оқырмандар әркез түрлі образдарымен таңғалдыратын әншіні әйгілі Мадаоннамен салыстырды.
"Мына суреттерге" "Bam bam" әні керек болып тұр", "От болып, шоқ болып тұрған қазағымның Мадоннасы", "Нағыз өнер иесі. Кез келген образды аша алады, сәнін келтіреді", "Өнерімен сусындаған жыр елі, мақтан тұтады өзіңізді, Сыр елі. Не кисең де жараса кетер өзіңе, қазақтың сұлу қызы, мадмуазелі", "Сөз жоқ, сұлусыз", "От емес, өрт болып тұрсыз", - деп жазуда көпшілік.