$ 522.63  548.66  5.07

«Құдай мынадай енеден сақтасын»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға ақыл айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)

Гүлзира Қайраттың ақшасын алып жаман үйренген.

Фото: Qaz365.kz
Фото: Qaz365.kz

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова баспанасынан айырылып, далада қалған келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдіріп, сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен ремонт жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Қазір Жұлдызға 100 мың доллардың үйінде отырады деп тұрсыз ба?! Олар жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін қымбат үйді қалайды. Ол үшін Қайратқа қаншама жұмыс істеу керек. 30-50 мың доллардың үйіне тұрмайды. Ондай үйге тұрса қазір-ақ әперер едік”, – деді продюсер. 

Желі қолданушылары медиа менеджердің өзін айыптап, келініне қолдау білдіруге шақырды. 

“Басына тигені дұрыс” дегені несі?!”, “Төрт немересінің пәтер жалдап жүргені қызық екен”, “Гүлзира Қайраттың ақшасын алып жаман үйренген”, “Мынадай енеден құдай сақтасын”, “Қызыл итке жем еткен келін кінәлі”, – деп жазды оқырман қауым. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары