Мен орысша сөйлейтін қазақпын.
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейіт өз ана тілінде алмауының себептерімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жас режиссердің айтуынша, қазақ ұлты ашаршылық жылдарынан кейін этностық бөлініске ұшыраған. Яғни таза қазақша ойлап, қазақша сөйлейтіндер мен орысша ойлап, орысша сөйлетіндер деп бөлініп кеткен. Қазір ол өзін субэтностың құрамына жатқызады.
«Менің ойымша, отызыншы жылдардан бері яғни ашаршылық жылдарынан кейін Қазақстан этностық тұрғыдан бөлінгендей болды. Яғни этностық және субэтностық. Қазір мен өзімді субэтностың құрамынан көремін. Ойын қазақша дамытып тек ана тілінде сөйлейтіндер және тек орысша ойлап сол тілде сөйлейтіндер. Біз оригинал қазақ емеспіз, мен орысша сөйлейтін қазақпын», - деді Айсұлтан Сейіт бір сұхбатында.