Продюсердің күйеуімен билеген биіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы мерекелік кештердің бірінде күйеуі Тұрсын Алагөзовпен бірге билеп, ерекше назар аудартты, деп хабарлайды Skifnews.kz cайты.
Продюсер бұл сәттің видеосын өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Кадрлардан Баянның өнердегі әріптестерімен жаңа жылдық кеште көңіл көтеріп жүргенін көруге болады.
Желі қолданушылары Баянның күйеуімен билегеніне тәнті болып, түрлі пікірлер жазды:
«Ешқашан қартаймайды», «Супер! 50 жаста Баян сияқты әдемі болайық», «50 жасымда да 18 жастағы бойжеткен сияқты болғым келеді», «Оның жасындағы энергиясы менде де болса ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Баян Мақсатқызының биі мен ерекше энергиясы әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шығып, жылы пікірлерге толы болды.