$ 523.86  544.34  5.11

«Пародия салдым»: Белгілі әзілкеш Заттыбекті қатты ренжітіп алғанын айтты (ВИДЕО)

"Сендер рұқсат сұрамай не болса соны приколға тыға бересіңдер ме?” деді.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әзілкеш, блогер Есқара Бейбітов әнші Заттыбек Көпбосынұлын ренжітіп алғанын есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы “Жайдарман” сахнасында өнер иесіне породия салған. 

“Видеоның қатты тарап кеткені соншалық, Заттыбек ағаның өзі маған қоңырау шалды ғой. Жағымды қатты шығарып жібердім бе, білмеймін. Туған-туыстары айтқан екен. Бірінші Рүстем Елжанов қоңырау шалды. “Заттыбек ағаңды ренжітіп қойыпсыңдар, аямайды, абайла, саған звандайды” деді. Артынан Есен аға хабарласты. Ол да “кешірім сұрап, айналайын алдына жығыл, сені іздеп жатыр” деді. Сонымен, үшінші қоңырау Заттыбек ағадан болды, – деп бастады әңгімесін әзілкеш. 

Әзіл әлемінің сөзінше, Заттыбек аяқ астынан хабарласып, ренішін айтқан. 

“Бір күні базарда жүрсем, таныс емес нөмер хабарласты. Ешқандай ой жоқ еді. “Алло” дедім. “Қалай інім?” деді. “Кім екен” деп қоясың ғой. “Бұл Заттыбек деген ағаң болады, сендер рұқсат сұрамай не болса соны приколға тыға бересіңдер ме?” деді. “Аға, енді менен басқа да адамдар Назарбаевқа дейін салып жатыр ғой, сізге кішкене бір жағынан контент қой” дедім. Содан не керек, кешірім видеосын жібер деді. Кешке жаймен камера алдында “бәрімізге тараған видеоны білетін шығарсыздар” деп ұрдық қой. Қатты тарағаны соншалықты, өшіріп тастай алмадық. Маған “өшіріп таста” деген. Таралып кетіпті. Бастауы қайсы, білмейсің ғой, – деді Есқара.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары