$ 523.86  544.34  5.11

«Аңыз адам» дей беріңдер!»: Қайрат Нұртас жаңа атаққа ие болды

Фонограммамен айтпайды.

Фото: @kair_n
Фото: @kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер ұлының жанды дауыста ән айта алатынын тағы көпшіліктің есіне салды. 

“Сіздер үшін тек жанды дауыста ән салады. Фонограммамен айтпайды. “Күндестің күні – қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр” демекші өсекті қойыңыздар! Қара термен келген еңбекті бағалайтын кез болды. Өсекті қоштамай, сәл көзді ашып, қошеметтейтін уақыттарыңыз болды.

Күні кеше “Аңыз адам” атағын алды. Өзі алған жоқ. Халық оған берді. Қолдайтын ел-жұрт ұсынды. Осыдан кейін “Аңыз адам” дей беріңдер! Ал мен тарихта қалуына себепкер бола берейін”, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 56
Ұнамайды 73
Күлкілі 170
Ашулы 15

Серіктес жаңалықтары