20.12.2024, 17:00

«Қайғыру жеңілдеудің жалғыз жолы»: Әсел Сәдуақасова ажырасқаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

Фото: instagram.com/sadvakasovaasel

Басыңнан өткен оқиғадан қашып құтыла алмайсың. 

 

Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова желіде оқырмандарымен сырласып, ажырасқаннан кейінгі жағдайын айтты. Өнер иесі жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әсел Сәдуақасова ажырасқаннан кейін жеке өмірінде қандай жаңалықтарын болып жатқанын айтты. Өнер иесі әзірге жаңа қарым-қатынас бастауға дайын емес екенін жеткізді.

"Өткен қарым-қатынасқа барынша бір тамшы реніш қалмайтындай қайғырып алған жөн. Басыңнан өткен оқиғадан қашып құтыла алмайсың. Тәуелділік пен жаңа қарым-қатынас та көмектеспейді. Қайғыру жеңілдеудің жалғыз жолы. Содан кейін ғана қарым-қатынасты толығымен жібересің", - деп жазды актриса.

Оған қоса кино жұлдызы жолдасы екеуінің ажырасуына жас айырмашылығы әсер еткені туралы пікірге жауап берді.

"Менің ойымша олай емес. Тіпті жасымызға мән бермедік. Біздегі айырмашылық – көзқарас. Өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі болды. Күн сайын екі түрлі пікір кедергілерді алдымыздан шығара берді. Арты осылай аяқталды", - деді Сәдуақасова.