$ 515.89  536.32  5.17

«700 бала 5000 теңге төледі»: Қарақат Әбілдина ақылы байқауларды сынады

Сахналық киіміне 50 мың теңге жұмсадық.

Фото: instagram.com/karakat_a
Фото: instagram.com/karakat_a

ҚР Мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина ақылы байқау ұйымдастыратындарды сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қызы Аяланы республикалық байқауға қатыстырған. 

“Жарқыры жұлдыз” байқауына 700 бала қатысып жатыр. Қатысу үшін әр баладан – 5000 теңге, залға кіру құны – 1500 теңге, балаларға – 500 теңге. Сахналық киіміне 50 мың теңге жұмсадық. Мақұл, ата-ана баласы үшін төлейді. Бірақ мынадай байқау бола ма?! Ұйымдастыру жағы жоқ. Бұл жердегі мақсат – баланың талабын ұштап, жұлдызын жағу емес. Балаға бір жапырақ қағазды ұстатып, бизнес көзіне айналдырып отыр. Бұлай жалғаса берсе, өнер дамымайды. Еліміздегі қаптаған байқауларды қадағалау керек екен”, – деді әнші. 

Сондай-ақ мәдениет министрі Аида Балаеваға үндеу жасап, тоқтатуды тапсырды. 

“Мұндай саны көп, сапасы жоқ байқауларды тоқтау керек. Мәдениет министрлігі қадағалауға алсын! Әркім білгенін істеп жүр. Бұл өнерге жасаған қиянат. Осыған кеткен қаражат өз алдына, есіл уақытты айтсаңызшы?! Ол жерде бір минутта тұру мүмкін емес. Залда ауа жоқ. Билетті шамадан тыс сатқан. Отыратын орын жоқ. Марапатты күтпей кетіп қалдық. Таңғы 8.30-да барғаннан тізе бүккен жоқпыз. Аяла сағат 11.30-да бір-ақ шықты. Қатты шаршап кетті. Дәлізде балалар киініп жатыр. Сыртқы киімдерін ілетін жер жоқ. Ешқандай қатысушыларға жағдай жасалмаған. Өнерге құлшынып тұрған бала осындайды көріп, басылып қалады. Тез-тез оларды сахнаға шығару керек. Әйтпесе, жалығып кетеді”, – деді өнер иесі. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 14
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары