25.12.2024, 06:30

«Бардым да ала салдым»: Ақбота-Нұр 7 млн-дық сағатымен мақтанды

Фото: видео скриншот

Оның сағаты Cartier брендіне тиесілі болып шыққан.

Әнші Ақбота-Нұр қымбат сағатын көрсетіп, мақтанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сән қуамын деп айта алмаймын. Бастысы — өзіме ыңғайлы әрі ұнайтын киімдерді киемін. Көбіне біртүсті, артық дизайны жоқ киімдер аламын. Қолымдағы Cartier сағатым 7 290 000 теңге тұрады. Осыдан бір апта бұрын сатып алдым. Сіздерге де жұғысты болсын! Ырымшыл халықпыз ғой. Қызыл жіпті тағу туралы айтқан еді. Қайта-қайта ауырып жүргендіктен, бардым да Cartier-дің жібі мен алтынын ала салдым. Бағасы шамамен 450-500 мың теңге көлемінде”,- деді Ақбота-Нұр Сейтмағамбет «Жетінші арнаның»  бағдарлама жүргізушісіне берген сұхбатында.