Тұңғышымыз Әли дүниеге келгенде, Тасқын осы әнді арнап жазып еді.
Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева немересі Зейінге "Құлыным" атты ән арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Роза Рымбаева Instagram-дағы парақшасында "Құлыным" атты әннің шығу тарихы туралы жазды.
"Тұңғышымыз Әли дүниеге келгенде, Тасқын осы әнді арнап жазып еді… Енді міне, немерем Зейін дүниеге келген соң, атасының әнін қайта өңдеп, жаңашалап шығардық", - деп жазды әнші.