01.01.2025, 14:30

«Берекелі болғай»: Нұрлан Еспановтың ұлы үйленетінін мәлімдеді

Фото: instagram.com/espanov_n

Жалпы арман-мақсат көп!

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов алдағы жылы отбасы құратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өткен жылға өкпе жоқ, машинаны аямай ауыстырыппын. 2024 жыл оңай жыл болмады, қайғылы, қуанышты, қиын әрі жақсы сәттермен есте қалды. Бәрі де өткеннің еншісінде қалды. Ендігі мақсат 2025-те үйлену! Бұйырса, үйленіп, үбірлі-шүбірлі, балалы-шағалы болып бақытты отбасы болғым келеді! Жалпы арман-мақсат көп! Келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! 2025 хайырлы,берекелі жыл болғай!», - деп жазды Олжас Еспанов.