05.01.2025, 13:00

«Жаңа жыл кешінен жігітім алып кетеді»: Қайрат Нұртастың қызы тұрмыс құрғалы жүр ме?

Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Оған Жаңа жыл кешінде үлкен қызы Сезімнің "мерекелік отырыстан жігітім алып кетеді" деген сөзі себеп болған сыңайлы. 

Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышы Сезімнің жеке өміріне қатысты сұрақтың нүктесін қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқырмандары Жұлдызға қызына қатысты сауал жолдайды. Оған Жаңа жыл кешінде үлкен қызы Сезімнің "мерекелік отырыстан жігітім алып кетеді" деген сөзі себеп болған сыңайлы. 

«Сезім жайлы «сары пабликтер» оқырман санын көтеріп, неше түрлі тақырып етіп шығара береді. Біріншіден, қызымның басы оқудан, сабақтан, жобалардан, жаттығулардан босамайды.

Екіншіден, күйеу түгілі ешқандай жігітпен жүрмейді.

Ал енді мамандыққа, жоғары оқу орнына келетін болсақ, әзірге оның рұқсатынсыз айта алмаймын», - деді Жұлдыз. 

Айта кетейік, Қайрат Нұртас 2025 жылды отбасымен және Жұлдыздың анасымен қарсы алған болатын.