05.01.2025, 15:40

Тойға сирек шығатын кедей әншімін – Роза Рымбаева (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Менің репертуарым тойға арналмаған.

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева бұрын тойға барып, ән шырқауға ұялғанын айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстанның халық әрісі Роза Рымбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгіме өрбітті.

«Мен тойға өте сирек шығамын. Ары кетсе айына бір рет қана. Жалпы мен той әншісі емеспін. Менің репертуарым тойға арналмаған. Сондықтан мені әндерімді ұнататын және әнші ретінде мойындайтын адамдар ғана шақырады.

Кеңес заманында аз болса да тойлар болатын. Мен тойға шығуға ұялатынмын. Қазір бұл – қалыпты жағдай. Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Соның ішінде мен де бармын», – деді ол.