$ 527.3  544.86  4.95

«Екі баласы бар деп кім айтады»: Аяғы ауыр Ерке Есмахан желіні жаулады (ФОТО)

Балапан аман-есен дүние есігін ашып, Раймның махаббаты одан қатты күшейсін.

Фото: Instagram.com
Фото: Instagram.com

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде Жаңа жылға орай жасаған отбасылық фотосессиясын көрсетіп, елді сүйсінтті. Қалың көпшілік жұлдызды жанұяға тнәті болып, оларға жылы лебізін білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерке Есмахан жанұясының жаңа фотоларын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Суреттерде жұлдызды отбасының ерекше безендірілген шыршаның маңында жаңа жылдық сыйлықтарды қарап жатқанын көруге болады. Ерлі-зайыпты мен балалары фотосессия үшін арнайы бірдей стильде киініп алған.

"Аман-есен жаңа 2025-ші жылды бастап кеттік. Құтты болсын! Әрқайссыңызға денсаулық, бақыт, байлық, махаббат тілейміз. Бақтарыңыз еселенсін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, халқымыз бейбіт өмір сүрсін. Барлық армандарыңыз орындалсын. Ізгі тілекпен: Раймбектің отбасы", - деген жазба қалдырды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға лүпілдерін жаудырды.

"Раймбектің жанұясы аман болсын", "Екі баласы бар деп кім айтады", "Қандай әдемі отбасы. Көз тимесін", "Әйелдің бақыты осы ғой", "Неткен әдемі, Еркенің өзі әппақ қардай нәзік қой. Балапан аман-есен дүние есігін ашып, Раймның махаббаты одан қатты күшейсін", "Осы жанұяға ризамын. Ешкімде шаруасы жоқ. Өздері тып-тыныш, бақытты өмір кешуде", "Бақыттарың баянды, махаббаттарың мәңгі болсын", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары