$ 527.3  544.86  4.95

«Қасқырбай деп қойыңдар»: Сәкен Майғазиев алғаш рет туған інісін көрсетті (ВИДЕО)

Әкем кітапты көп оқитын кісі еді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев алғаш рет туған інісі Тәкенді көрсетіп, оның өмірге келгенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Туған інім Тәкен. Анамыз сүт кенжесі Тәкенге жүкті кезінде әжем марқұм түсінде бөлтірік көріпті. Жақсыға жорып, әулетімге қасқыр мінезді, алғыр ұл келгелі тұр екен деп, «Есімін Қасқырбай деп қойыңдар» депті. Әкеміз марқұм туу туралы куәлік алуға барғанда Сәкенге серік болсын деп, атын әрі маған ұқсатып, әрі Тәкен Әлімқұловтың құрметіне Тәкен деп жаздырыпты», – деп жазды әнші.

Өнер иесінің айтуынша, әкесі көп кітап оқитын, білімді кісі болған.

«Әкем марқұмның үйдегі кітапханасы үлкен болатын. Әкем кітапты көп оқитын кісі еді. Содан әжем әкемнен сұрайды ғой, «Баланың есімін Қасқырбай деп қойдың ба?» деп. Әкем сонда «Сіз айтқан есімді ұмытып қалып, Сәкен балаңызға ұқсатып Тәкен деп жаздыра салдым» дегеніне бүк түсіп ренжіген екен», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары