07.01.2025, 04:30

«Түк көрмегендей»: Нұрлан имам мен Тамара Асардың тойдағы әрекеті жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Фото: коллаж sn.kz

Имамның көзі көрмей қалған ба?

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Тамара Асар мен Нұрлан имамның әрекеті көпшіліктің ашуына тиді. Дастархан басында отырған танымал тұлғалар даяшы қыздың тамақты көтере алмай тұрғанына қарамастан, табаққа жармасқаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұны көрген көпшілік Нұрлан имам мен Тамара Асардың әрекетін сынай жөнелді.

«Түк көрмегендей не болды соншама? Көмеке келген ұл бала жарады. Ана имамның көзі көрмей қалған ба? Мына имам бәріне ақыл айтып, осы жерде өзіне ақылы жетпей калған ба? Кішкентай қыз қиналып тұрғанда көтере алмай, мына имам данагөй болып бірдеңе айтып отырғой қасындағыларға. Басы ауырмастың қасында балтырың сыздамасын деген осы екен ғой. Құдай- ау, жауқазындай жас қызды қарын талдырып қоймай, дастарқанға неге қойғызбайды? Бұлардан жәрдем күтуге болмас. Қарапайым даяшы жігіттің мықты азамат екені көрініп тұр. Ана имам білмеген, әншісімақтар көрмеген жәйді ұғынып, көмекке келген. Әншейінде ақылды Тамара әншінікі не? Табақтан көз ала алмай қалды!», - деп жазды жұрт.