Гүлзира да күйіп өліп барады. Кішкене кеңдеу болсайшы!
Қазақстанда танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ұлы Қайрат Нұртас пен әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенді салыстырып, халыққа жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл ақпарат Facebook-та тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары продюсерге жағымсыз пікір жазып, дүрсе қойды.
«Надан қатын. Димаш Қайрат құсап арағын ішіп, масқара боп жүрген жоқ. «Қаз тырнамен жарысам деп, шаты айрылыпты» дегендей, қызғаныштан жарылып кетіп жүрме?», «Димаш көтерілген сайын, Гүлзира да күйіп өліп барады. Кішкене кеңдеу болсайшы, сенің балаңның ырысын тартып алып жатқан жоқ қой, қандай», - десті желі қолданушылары.