08.01.2025, 06:30

Діни тұрғыда баланы өзің туғанға қарағанда асырап алған сауаптырақ – Ләйлә Сұлтанқызы

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

«Мен қыз асырап алайық деймін».

Қазақстанда танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала асырап алу туралы ойлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиамаман әріптесі Дина Төлепбергеннің «Баланы өзім туғаным дұрыс па, әлде бала асырап алғаным сауаптырақ па?» деген сұрағына жауап берді.

«Діни тұрғысынан бала асырап алған сауаптырақ. Мен имамдардан сұрағанымда, маған осылай жауап берді. Менің жағдайымда бала асырап алған сауаптырақ. Біріншіден, олар менің жасымды да, мүмкіндігімді де біледі. Мүмкін, содан кейін солай айтқан шығар. Бала асырап алуға байланысты ойланамын. Менің балам да ұл асырап алайықшы деп айтады. Мен қыз асырап алайық деймін. Көреміз», — деді ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында.