Күте тұр деп қояды еще.
Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі жазбасымен көпшілікке ой салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес өкілі бұл туралы Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жазды.
Жүкті әншінің бұлай жазуына оқырмандырының бірінің хаты түрткі болған. Ол оны «мақтаншақ» деп айыптаған көрінеді.
«Осылай қарғайтындай не істеппін? Күте тұр деп қояды еще. Ал мен сізге бар жақсылықты тілеймін. Әркімнің сөзі айналып өзіне келеді деген қағида бар», – деп жазды әнші оқырманына.