$ 526.81  542.72  5.16

«Қатты қиналдым»: Танымал актер Інжілді қазақша дыбыстағаны үшін қанша миллион алғанын айтты

Ол кезде бұл жақсы ақша еді.

Фото: Instagram.com/zhanyamanov_rustem
Фото: Instagram.com/zhanyamanov_rustem

Танымал актер Рүстем Жаныаманов Жанар Байсемізге берген сұхбатында басынан өткен қызықты оқиғаны баяндады. Оның айтуынша, өмірінде ақша үшін Инжілді қазақша дыбыстаған кезі болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актердің айтуынша, ақшадан қысылғанында оған ерекше ұсыныс түскен.

«Кино мен телехикаялардан үнемі ұсыныс түсіп тұрмайды. Кейде дубляжбен айналысамын. Бірде жұмыссыз қалдым, ал сол уақытта ақша керек болды. Бірде бір адам хабарласып, менің дубляжбен айналысатынымды біліп, мені жұмысқа шақырды. Мәтін оқып, дауысымды сынап көрді. Дауысым ұнаған соң, бірге жұмыс істеуді ұсынды. Мәтіннің көлемі мен жұмыстың ұзақтығын айтпады. Ертесіне барсам, бір десте қағаз дайындап қойыпты. Біреуін алып оқи бастадым. Сөйтсем, Інжілді қазақшаға аударып жатыр екен. Бірде тоқтап қалып, не істеу керектігін ойланып, күмәндандым. Бірақ ақша керек болды. Іштей «жақсы нәрсе ғой» деп ойлап, жартысына дейін оқып шықтым. Ары қарай оқи алмайтынымды, мұсылман екенімді айттым. Сол кезде олар оқығанымның ақшасын беретіндерін айтты. Сөйтіп, қатты қиналып тұрсам да, соңына дейін оқып шықтым. Бір айдай бірге жұмыс істедік. Жақсы төледі – 3-4 миллиондай бар. Ол кезде бұл жақсы ақша еді. Мен әрдайым ақша мәселесін бірінші қоямын», – деп күліп еске алады актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары