Тұсау кесу рәсімі – бабадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр.
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген енді тәй-тәй басып жүре бастаған бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Димаш қазақтың игі дәстүрін орындап, балаға бата берген.
Бұл туралы әлеуметтік желіге журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі Марал Сатқанғалиева жазды.
«Тұсау кесу рәсімі – бабадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Баланың тәй-тәй баса бастаған сәтінен тағдыры ізгілікке, жетістікке, жақсылыққа толы болсын деген ниетпен жасалатын жоралғы. Ұлымыз Каримнің тұсауын дүниені дидарына қаратқан дүлдүл - Димаш көкесі кесті. Ақ көкесінің ақ батасы қабыл болсын!», - деп жазды журналист.