$ 530.12  546.08  5.17

«Ақшаң жоқ па, өле бер!»: Журналист бала туудың өзі ақша екенін айтты (ВИДЕО)

Жұрт жапатармағай ақшаларын шешіп алса банк банкрот болады-ау!?

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазір бала туу – ақша. Бала құрсаққа біткеннен бастап әйелдер ақша жаратуды бастайды. Гинекологқа, дәрігерлерге барады, анализ тапсырады. Баланы босанып, үйге алып келудің өзі ақша. Тіпті қазіргі балалардың жүрген-тұрғаны, ойнап-күлгені бәрі де ақша болып тұр. Бұл туралы желі жұлдызына айналған журналист әрі блогер Мөлдір Анарбаева сөз қозғады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, бүгінде онлайн аударымдарды бақылау басталғалы бері әйелдердің бір-біріне ақша аударуы да, сыйлық жасауы да азайған.

«Қытайда мынандай нақыл бар екен «Ақшаң жоқ па, өле бер». Дамыған сайын шак аттасаң ақша.

Соңғы кезде электронды ақшаға үйренген кәшөлөктің қайда қалғанын білмей қалыппыз.

Кейде қолыңа ақша түссе жатырқайтын болдық. Жұрт жапатармағай ақшаларын шешіп алса банк банкрот болады-ау!? Бәзімізге жеткізе алмай қала ма, дер қорқамын», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары