18.01.2025, 16:30

«Жас жұбайлар сияқты»: Қайрат пен Жұлдыздың тойдағы әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Жұптары мәңгілік болсын!

Әнші Қайрат Нұртас пен жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың тәтті сүйісінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода салтанатты кештердің бірінде жұлдызды жұптың торт кесіп тұрғанын байқауға болады.

Олардың әрекетіне жұрт түрлі пікір білдірді.

«Көзілдірігін шешіп қойса болмай ма?», «Алла бақытты, ұзақ ғұмыр сыйласын!», «Жұптары мәңгілік болсын», «Алла тіл көзден сақтасын! Жұптарың жазылмасын!» - деп жазды желі қолданушылары.