$ 527.58  546.15  5.29

«Алла шын сүйетіндерді сынайды»: Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына әсерлі жазба жариялады

Махаббат деген осы емес пе?! 

Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/
Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйеліне жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қателіктің бәрін кешіріп, жарымен бірге болғанын қалайтынын айтты. 

“Қателіктің бәрін менен екенін білемін. Бір-бірімізді қимай, екі жақта жүрміз. Осы сынақта сабыр сақтасақ, бәрінің жақсы болып кететініне сенемін. Ең соңғы түскен фотомыз осы еді. Екеуміздің де ішіміз алай-дүлей. Бір-бірімізді қатты сүйетінімізді сеземін. Алла шын сүйетіндерді сынайды. Соңында жеңіп шығатыныма сенімдімін. Алдағы күндер жақсылыққа толы болсын! Жалғыз қалғанда жабыққан сәттерімізде жылап қалдық. Алыста болсақ іздеп тұрамыз. Махаббат деген осы емес пе?! Бұл менің жүрекпен жазылған сөздерім”, – деді актер. 

Одан кейін киножұлдыз ата-анасынан бөлек шығып, пәтерге көшіп кеткенін де  жасырмады. 

“Үлкен үйді ата-анама қалдырып, өзім пәтерге көшіп кеттім. Арасында барып тұрамын, бірақ ол үйдің әр бұрышына қараған сайын жүрегім ауырады. Әр бөлмеде балаларымның сыңғырлаған күлкісі естіліп, жанымды жаралайды. Бұрынғыдай жұмыстан күтіп алатын, шайымды беретін, шүйіркелесіп әңгіме айтатын жарым да жоқ. Әр бұрыштан әр сәт есіме түсіп, жанымды жегідей жейді. Өте ауыр. Ажырасу – кіші өлім ғой. Фариза қазір Астанада. Екі рет барып сөйлесіп көрдім. Екеуінде де бетімді қайтарды. Балаларыңды көріп тұр, бірақ енді қосылмайық дегенге келтірді", – деген болатын “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары