$ 520.91  544.25  5.29

«Ақшам көп деп жаза беру керек»: Гүлзира Айдарбекова күйеуді алдау әдісін айтты (ВИДЕО)

Ашумен ештеңе ретке келмейді.

Фото: instagram.com/gulziraaaidarbekova
Фото: instagram.com/gulziraaaidarbekova

Гүлзира Айдарбекова шетелдегі демалысын көрсетіп, қыз-келіншектерге кеңес айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі асыл жарымен Нұртаспен Дубайда демалып жүр. Оқырмандары қызығып, түрлі пікір жазып, кеңес сұрады.

«Жастыққа басымыз тиіп, 70 жасқа жеткен жоқпыз. 50 жастың үсті – орта жас. Алла өмір берсе, қартаюға біраз уақыт бар. Онсыз да бір-бірімізден апта сайын демаламыз. Менен шаршай қоймайды-ау. Жолдасыңыз ұйықтай берсін. Өзіңіз демала беріңіз. Онсыз да үйде біргесіздер. Ашумен ештеңе ретке келмейді. Оларды тек бала сияқты алдау керек. Мынаны жасап көруге болады: 500 рет төр көз дәптерге «Мен күйеуіммен демалып жүрмін. Бақыттымын. Ақшам көп деп» жаза беру керек. Күніне 20-30 рет жазу керек. Нәтижесін көп ұзамай көресіз», – деп жазды продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары