Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген.
Блогер Елдос Кәдірханов туған күнінде оқырмандарын жақсы жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті.
Блогер туған күнін Тараз қаласында атап өтті. Той үстінде қонақтармен жақсы жаңалығын бөлісті. Оның сөзінше, еліміздегі емдеу мекемесінің бірі 13 жыл бойы сәби күтіп жүрген жұпқа, ата-ана болу бақыты бұйыруы мүмкін екенін айтқан.
"Басты жаңалығым - осы. Қанша жыл күттім осы жауапты. Аллаға сансыз шүкір! Енді тек дұғада болыңыздар. Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп тілеңіздер. Қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып, 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Аллаға шүкір!", - деп бөлісті ол.
Оқырмандар блогердің қуанышына ізгі тілектерін жаудырды.
"Бұйырса, сәбилі болдық деп сүйіншіліңдер!", "Алла бақтарыңды ашсын!", "Егізді болыңдар!", "Тілеулеріңді берсін", - деп жазды көпшілік.