24.01.2025, 15:40

«Ерлі-зайыптымыз»: Жанар Айжанованың қызы мешітте неке қидырды (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Бұған дейін блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова мен мобилограф Сәкен Қағаров мешітте неке қидырды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы жеке өміріне қатысты жаңалықты желі арқылы жарияға жар салды. 

“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.

Еске салсақ, бұған дейін блогерге жігіті оған Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Көпшілік алдында жүрген екі жасқа желі қолданушылары бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.

“Некелерің мәңгілік болсын!”, Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, - десті көпшілік.