$ 516.77  542.87  5.33

«Молда түсінбей қалды»: Айжұлдыз Адайбекова мәһрге не сұрағанын айтты

Желі жұлдызы мешітте неке қиып жатқан сәтін жеке парақшасында бөлісті. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Екінші рет тұрмысқа шығып жатқан Айжұлдыз Адайбекова мәһрге не сұрағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы мешітте неке қиып жатқан сәтін жеке парақшасында бөлісті. 

“Маһрге 101 раушан гүлін сұрадым. Жеңіл болсын! Молда түсінбей қалды. Неге алтын, машина емес. Мүмкін алтын алып беретін шығар” деді молда”, – деп жазды Айжұлдыз. 

Айта кетейік, блогердің таңдауы, мобилограф Сәкен Қағаровқа түскен.

Еске салайық, Айжұлдыз бірінші некесінен туған ұлы мен қазіргі сүйіктісі қалай тіл табысқанын айтып берген еді. 

“Назар мен Сәкен алғаш менің жобамда танысты. Назар сыртынан танитын. Бірден көрді де, “велосипед” деді. Сәкеннің велосипедпен саяхаттайтынын білетін. Жалпы айтарым, баласы бар қыздар екінші рет қадам жасаудан қорқады. Әркімнің өткен өмірі бар. Егер ол адам сенің өміріңді қозғайтын болса, ол сен үшін маңызы жоқ адам. Сондықтан, қадам жасаудан қорықпаңыздар!”, – деген еді блогер.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 133
Ұнамайды 32
Күлкілі 17
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары