$ 516.85  537.68  5.26

«Менен кейін тағы қыз туылды»: Актриса есімі туралы айтып, жылап қалды

Ол өзінің есімін қабылдағанына екі жыл ғана болғанын айтты.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Актриса Ұлболсын Шалқарова «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында ана атанған кездегі алғашқы сезімдерін бөлісіп, жаңа статустағы өмірі қалай өтіп жатқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында актриса мен журналист қыздан кейін ұл тусын деген ырыммен қойылатын есімдерге тоқталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Менің атым жүзеге асқан жоқ. Менен кейін қыз, одан кейін ұл туған. Ырымдап қойды ғой атымды, менен кейін ұл болсын деді. Бірақ ол ырым жүзеге аспады», — деді актриса.

Ол өзінің есімін қабылдағанына екі жыл ғана болғанын айтты.

«Ата-анама реніш жоқ. Атымды атам қойған. Бірақ ұлды күткен соң ат қойылған адамдардың атынан жауап бергім келіп тұр. Бәрінде солай шығар. Сені күткен жоқ, сені қалаған жоқ сияқты сезім болады. Ұлды күтті. Сен тудың. Үмітін ақтамадың. Сен келгенде қуанбаған сияқты сезім болады. Бекер дүниеге келмегеніңді дәлелдегің келіп тұрады», — дей келе актриса көзіне жас алды.

Ол барынша әке-шешесіне салмақ салғысы келмей, ыңғайлы болуға тырысқанын, мінезін көрсетпегенін айтты. Барынша махаббатқа бөленіп өссе де, сондай ойлар болғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары