Ата-анаңа солай істе, бірақ, ата-енеңе емес. Ата-анасы жынды болса, еркектер өзі бағуы керек.
Желі жұлдызына айналған коуч Роза Әшірбаева ене мен келін тақырыбында әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, келіндерге мінезі нашар және тілі ащы енемен бірге тұруға болмайды.
«Жан-жағына уын шашқан енемен бірге тұруға болмайды. Қатқан нан мен қара су ішсең де олай өмір сүруге болмайды. Бұл сенің өміріңді құртады. Гүлденген өміріңді, ең жас, энергияға толы уақытыңды бір есерсоқ адамның еркелігін көтеруге арнама. Сенің 15-20 жыл уақытың сіріңке тұтатқандай жоқ болады. Өмірінде түк істемеген, өзіне не өзгеге пайдасы тимеген жасы үлкенді қазақтың жастары сыйлайды. Жасы үлкен деп қанша қуып кеткен үлкен кісілерді де сыйлайды. Ер адамдар «үлкенді сыйлау керек, ата-анаң жынды болса, байлап бақ» дейді. Ата-анаңа солай істе, бірақ, ата-енеңе емес. Ата-анасы жынды болса, еркектер өзі бағуы керек. Ата-анасының қызметін өзі істесін. Жұмыстан келген соң, нашар мінезіне шыдап, тамақ істеп, ыдыс жуып берсін», - дейді белгілі коуч.