$ 519.28  540.05  5.31

«Заңды неке болған жоқ»: Асхат Садырбайдың тағы бір әйелмен қарым-қатынаста болғаны жайлы ақпарат тарады

Құпия болып қала берсін!

Фото: Qazaqstan
Фото: Qazaqstan

Танымал журналист Асхат Садырбайдың басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Руслан Өтепбай әріптесінен некеде болған әйелдерінің санын сұрады. “Ерке Есмахан, Айғаным және қазіргі жұбайыңыз. Басқа қалып кеткендер бар ма? Дүрия есімі таныс па?!”, – деп сұрақ қойды. 

“Танимын. Бірақ біздің арамызда заңды екен болған жоқ. Бас қосамыз ба деп ойладық. Бірақ қоспадық. Қазіргі жарымды айту негізсіз деп ойлаймын. Құпия болып қала берсін”, – деді Асхат Садырбай. 

Желі қолданушылары журналиспен “некелеспеген” келіншекті қызу талқылап жатыр. Тіпті, танитындары да бар болып шықты. 

“Дүрияны ұмытып қалыпты. Оған да түрлі дәрі беріп еді. Ол да ел алдына шығып, сұхбат беруі керек”, “Заңсыз тұрса да, қазіргісі төртінші әйелі екен ғой”, “Жақсы еркектен әйел кетпейді”, “Еркеден кейінгі әйелі де өмірден баз кешіп, өзіне қол салмақ болған” деп естідім”, “Балаларға обал екен”, – деп жазды оқырман. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 9
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары