30.01.2025, 13:00

«Тіпті күйеуім білмеген»: Мадина Сәдуақасова осы күнге дейін не жасырғанын айтты (ВИДЕО)

Мадина бұл қызығушылығын ұзақ уақыт жасырын ұстағанын жазды.

Әнші Мәдина Сәдуақасова бұрын-соңды ешкімге айтпаған, тіпті күйеуі де білмейтін хоббиін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Танымал әнші Instagram-дағы stories бөлімінде хореография залында би қимылын үйреніп жүргенін, кейін қалай билегенін көрсетті. 

"Тіпті күйеуім де бұл хоббиімді білмеген. Енді сіздер де білесіздер. Ашылмаған, айтылмаған сырларым әлі көп менің", - деп оқырмандарын қызықтырып қойды әнші.