Айтуынша, Түркияға барып, дертіне шипа іздеген ол емді Астанадан тапқан екен.
Ел ішінде «Колобок» атымен танылған блогер Елдос Қадірханов бедеулікке қарсы жасатқан отаның қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Түркияда 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған», - дейді Елдос Қадірханов.