01.02.2025, 17:30

«Енді өлең айтпа»: Тұрсынбектің әйелі ән айтып, көпшіліктің сынына қалды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/moldir.mt

Несі бар, конкурсқа қатысып жатқан жоқ қой.

 

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тойда ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының талқылауына түсті. Instagram-дағы танымал парақшалардың бірі жүктеген видеода Мөлдір Мұқанованың тойда көңіл көтеріп, ән шырқаған сәті көрсетілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары арасында Мөлдірдің орындауы әртүрлі пікір тудырды. Бірі оның өнеріне тамсанып, жоғары бағаласа, енді бірі сын айтып, кәсіби әншілермен салыстырды.

Кейбіреуі «Енді өлең айтпа», «Дауысы жоқ қой мүлдем» деп жазса, кей қолданушылар «Несі бар, конкурсқа қатысып жатқан жоқ қой», «Әдемі сияқты» деген пікір қалдырған.

Видеода Мөлдір Мұқанованың өзін еркін ұстап, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап жатқанын көруге болады.