$ 518.14  537.57  5.27

«Оның отбасы бар»: Атышулы блогер туған күнінде кімнің көлік сыйлағанын айтты (ВИДЕО)

Бұйырса Forbes журналына шығып қалатын шығар.

Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/
Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/

Атышулы блогер Сәбина Мовлаева туған күнін дүркіретіп атап өтті. Оған туған күнінде бір жігіт қымбат көлік сыйлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы достарын жинап 27 жасқа толған туған күнін тойлаған. Ол сол күні өзіне кімнің көлік сыйлағанын айтты.

«Өзімнің досым сыйлады. Екі жылдан бері жақсы араласамыз. Сол кісінің сыйлығы болатын. Мейрамханаға келгеннен кейін түсіріп жүрген адамдарды көрді де бетперде киіп алды. Өйткені халыққа көрінгенді ұнатпайды. Әлеуметтік желінің ешқайсысында отырмайды. Жеке бизнестің адамы. Бұйырса Forbes журналына шығып қалатын шығар?! Оны менің қасымнан көрген адамдар «Оның отбасы бар, үйленген» деп жатыр. Бірақ ол – жалған ақпарат», – деді Сәбина.

Оның айтуынша, туған күнін атап өтуге 12 миллион теңгеден астам қаражат кеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары