"Қоғам пікіріне қарамастан, өз жолыңда табанды болу – нағыз батылдық пен адалдықтың көрінісі".
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова оқырмандарын орамал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Орамал – тек баскиім емес, ол сенімің мен таңдауыңды қорғау жолындағы рухани күрес. Қоғам пікіріне қарамастан, өз жолыңда табанды болу – нағыз батылдық пен адалдықтың көрінісі.
Барша аруларды Орамал күнімен құттықтаймын! Орамалың – сенің ар-намысың мен иманыңның айнасы. Ол жүрегіңе тыныштық, өміріңе береке сыйласын!
Орамалға келе алмай жүргендерге Алла алтын тәж бұйырсын!», – делінген әнші жазбасында.